Сағымбаев Әлімжан Үсенұлы
Сағымбаев Әлімжан Үсенұлы (1943 ж. т., Маңғыстау ауданы, Таушық ауылы) – дәрігер, медицина ғылымының кандидаты. (1974). Ақтөбе медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген (1966). 1976 – 83 ж. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1983 – 85 ж. облысы аурухананың бас дәрігері, 1992– 97 ж. медицина училищесінің Ақтау бөлімшесінің, 1997 жылдан «Мейірбике» медицина колледжінің директоры. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Алматы қаласындағы Химия ғылымдары институтының ғалымдарымен бірлесіп жаңа дәрі шығарғаны үшін КСРО Мин. Кеңесінің авторлық куәлігін алған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>
Дереккөздер
<references/>