Сағымбаев Асқар Әлімжанұлы
Сағымбаев Асқар Әлімжанұлы (1968 ж. т., Ақтау қаласы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы. (2007). Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген (1991). 1991 – 98 ж. Маңғыстау облыстық ауруханасында дәрігер, анестезиолог-реаниматологы болды. 2002 жылдан Маңғыстау облыстық ауруханасының операциялық блок меңгерушісі болып жұмыс ісейді. Сағымбаевтың ғылыми жұмысының бағыты эндоск., урологиялық операцияларда қолданылатын әр түрлі жансыздандыруды салыстырмалы бағалауды зерттеуге және жедел ми қан айналымы бұзылған ауыр жағдайдағы ауруларға нейромониторинг және қарқынды емдеу жүргізуді жетілдіру мәселелеріне арналған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>
Дереккөздер
<references/>