Сағит Баймұханұлы Иманғазинов
Үлгі:Ғалым Сағит Баймұханұлы Иманғазинов (18 ақпан 1953 жылы) – ғалым-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты хирург және дәрігер-ұйымдастырушы.
Мазмұны
Өмірбаяны
Балалық шағы және білім алуы
1953 жылдың 18-ші ақпанында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Төртқұдық кен-шарында дүниеге келген<ref>Баянауыл перзенттері-Павлодар: ЖШС ҒПФ "ЭКО",2008.-586 бет.</ref>. Әкесі—Иманғазинов Баймұхан, анасы—Мұсатаева Қапен, Төртқұдық кен байыту фабрикасының шеберлері.
1959 жылы Төртқұдық орта мектебенің бірінші қазақ сыныбына қабылданған. 1967-1968 жылдары Шөптікөл мектеп-интернатында оқуын жалғастырып, 1968-1970 жылдары Павлодар қаласындағы №3 қазақ мектеп-интернатын тәмамдаған.
1970 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне қабылданып, 1976 жылы аяқтаған<ref>Семей Мемлекеттік Медицина Университеті: Энциклопедия.-Семей,2013.-980 бет</ref>.
Атқарған қызметі
- 1976-1993 жылдар аралықтарында Павлодар қалалық №1 ауруханасының хирург дәрігері, операция блогының меңгерушісі, бас дәрігердің хирургия саласындағы орынбасары қызметтерін атқарған.
- 1993-1998 жылға дейін Павлодар облыстық ішкі-істер (ішкі-істер подполковнигі) басқармасының медицина бөлімінің бастығы лауазымында қызмет еткен.
- 1998-2002 жылдарында Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментінің басшысы қызметінде болады. Иманғазинов С.Б., Қазақстанда тұңғыш (2001 ж.) Павлодар облысында отбасылық медицина, дәрігерді еркін таңдау және денсаулық сақтау жүйесін қаржылық басқару реформасына мұрындық және ұйымдастырушыларының бірі болды<ref>Горбунов С.А. Что даст реформа? // Газета "Казахстанская правда" №153-154 (24463-24464), 9 июля 2004 года</ref><ref>Горбунов С.А. Требуется конкурентная среда // Газета "Казахстанская правда" .— №300 (260044), 24 декабря 2009 года</ref>.
- 2002-2007 жылдар арасында Павлодар облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері.
- 2002-2016 жылдарында Семей мемлекеттік медицина университетінің Павлодар филиалының директоры болып қызмет еткен.
- 2016 жылдан бастап, сол филиалда хирургия кафедрасының профессоры ретінде жұмысын жалғастыруда.
Ғылым жолында
1994 жылы хирургия саласында медицина ғылымдарының кандидаттық диссертациясы, ал 2006 жылы қоғамдық медицина денсаулық сақтау бойынша докторлық диссертация қорғаған. Барлығы 370-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы. Оның ішінде 13 монография, 5 оқулық құрал, 11 өнертабыстық патент. Иманғазинов С.Б. профессорының жетекшелігімен 1 докторлық, 4 кандидаттық, 1 PhD және 4 магистрлік диссертациялар қорғалған<ref>Фролова О. Как врач становится доктором // "Звезда Прииртышья!, №136 (17461), 25 ноября 2006 года</ref>.
2007-2009 жылдары және 2016 жылдан бастап, Семей медицина университетінің докторлық-ғылыми кеңесінің мүшесі. 2009-2013 жылдарында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігінің білім сапасын бақылау комитетінің мүшесі болған.Қазіргі кезде Павлодар қаласының №1 және № 5 емханалары мен №3 ауруханасының бақылау кеңесінін мүшесі.
Қоғамдық жұмыстар
2013 жылы мүгедектер, оның ішінде балалардың сал ауруларымен жұмыс істеу мақсатында «БОТАШ-Павлодар» қайырымдылық қоғамдық ұйымын ұйымдастырды. Осы салада екі мәрте (2014 ж., 2018 ж.) "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы" қоры гранттарын жеңіп алды. Балалардың сал ауруларынан айықтандыру үшін 3 авторлық құрылғыға өнертапқыштық патент алды. 2016 жылы авторлық құрылғыларымен Павлодар делегациясы құрамында Астана қаласында өткен республикалық «Қазақстанда жасалған» көрмесіне қатысып, Дипломмен марапатталды.
Иманғазинов С.Б. Қазақстан журналистер Одағының мүшесі.
Марапаттар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығы мерейтойлық медалімен, «Денсаулық ісінің үздігіне» төсбелгісімен, Облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталған.