Сағитов Абай Оразұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абай Оразұлы Сағитов (18.8.1945 ж.туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар стансасы) — биология ғылымының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003)<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргіҚазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген (1968). 1968 — 88 ж. Қазақ Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында, 1988 — 2001 ж. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ғылыми-педагог, басшылық қызметтер атқарды. 2001 жылдан Қазақ Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры<ref>Ауылшаруашылық фитопатологиясы, А., 2000;</ref>. Сағитовтың ғылыми жұмыстары ауыл шаруашылық дақылдарын зиянды организмдерден қорғау шараларын ұйымдастыруға арналған. Оның қатысуымен ауыл шаруашылығы дақылдарының нематофаунасының бірнеше іргелі ғылыми зерттеулері жүргізілді; жұмырқұрттарға қарсы шараларды интеграциялаудың теориялық және практикалық негіздері қаланды<ref>К проблеме контроля численности вредных саранчовых Казахстане //Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана, А., ғ6, 2001;</ref>. Сағитов ТМД елдерінде тұңғыш рет фитонематодтардан келетін шығынды болжау моделін құрудың концептуалды принциптерін ойластырған, сызықты экспоненциялды болжамдық моделінің жаңа алгоритмін және параметрлерін есептеу бағдарламасын жасаған. 250-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Медальдармен марапатталған <ref>Защита растений в Казахстане: проблемы и перспективы //Материалы международной научно-практической конференции “Актуальные проблемы защиты растений в Казахстане”, А., 2001.</ref>.

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}