Сағат Еңсегенұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сағат Еңсегенұлы - 1958 жылы 26 қыркүйекте Ақтөбе облысы Сарыбие ауданы Қараой ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Тілеумағанбетов Еңсеген. Анасы - Тілеумағанбетова Шәршаған. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

Хронологиясы

  • Алматы халық шаруашылығы институтының қаржы-кредит факультетін (1985) экономист мамандығы бойынша,
  • Атырау мұнай және газ институтының экономика факультетін (2005) экономика магистрі болып бітірген.
  • 1976-1977 жылдары - Ақтөбе облысы Жекенді кеңшарында қурылысшы.
  • 1985 жылдан - Ырғыз аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бюджет инспекциясының бастығы.
  • 1989 жылдан - облыстық қаржы басқармасының Басқару және әлеуметтік даму аппараты қаржы бөлімі бастығының орынбасары.
  • 1990 жылдан - облыстық қаржы басқармасының Басқару және әлеуметтік даму аппараты қаржы бөлімінің бастығы.
  • 1992 жылдан - Ақтөбе қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы.
  • 1995 жылдан - Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі.
  • 2002 жылдан - Атырау қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
  • 2004 жылдан бері - Ақтөбе облысы қаржы департаментінің директоры.

Жетістіктері

«Ақтөбе» футбол клубының президенті (2004).

  • футбол бойынша Қазақстан чемпионы (2005, 2007-2009);
  • футбол бойынша Қазақстан бәйгесінің (2008);
  • футбол бойынша Қазақстан суперкубогының иегері (2008, 2010);
  • футбол бойынша ТМД және Балтық елдерінің Достастық чемпиондары бәйгөсінің мәрегері (2009-2010).
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008),
  • «Ерен еңбегі үшін» (2008) медальдарымен; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 10 жылдығына арналған белгісімен (2008) марапатталған.

Діни көзқарасы - консервативтік. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы: Үлгі:Start citation «Ол өзінің маңдайтері төгілген жерді сүйетін қайратты да жігерлі тұлға болып қана қоймай, тыңцаушысын тәнті ететін шешен, сонымен қатар зиялы, биязы және шамасы келгенше қулықтан ада, шешімшіл, серпінді, ақыл-ойы озық, иланымды адам болуға тиіс. Табысты саясаткерге көпшілік алдында шектен тыс шамырқанушылық пен томаға-тұйықтық жат». Үлгі:End citation Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан экономика саласында әлемдегі лидерлердің бірі болады». Хоббиі - футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - Көркем әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Манапбаева Дина Моқушқызы (1958 жылы туған), «Жарық» АЭМК» ЖШС экономисі. ¥лы - Еңсегенов Махамбет Сағатүлы (1984 жылы туған), қыздары - Еңсегенова Әсөм Сағатқызы (1988 жылы туған), Ләззат Сағатқызы (1996 жылы туған). Немересі - Сағатова Алуа Махамбетқызы (2008 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub