Сағадат Досболұлы Тұрсынбай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Футболшы Сағадат Тұрсынбай (26 наурыз 1999 жыл) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық құрамасы мен "Мақтаарал" клубының қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық
Шымкент футболының түлегі. "Ордабасы" командасының фарм-клубында біраз ойнап, 2017 жылы бас командаға ауысты. Алайда алаңға тұрақты шыға алмай, тек қосалқы құрамда отырды.
2018 жылы "Тараз" клубына өткен соң ғана негізгі құрамда ойнай бастады.
Ұлттық құрамада
Ұлттық құрамадағы алғашқы ойыны 2019 жылы 21 ақпанда Антальяда Молдова құрамасына қарсы бейресми жолдастық кездесусе өтті. Сағадат 66 минуттай ойнады да, орнына Бекзат Шадманов шықты. Бұл ойында Қазақстан 1:0 есебімен жеңіске жетті.