Саяси өзгеріс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси өзгеріс - саяси құбылыстардың эволюция қарқынының, тұрақты және өзгеріп отыратын белгілерінің, институттары мен түрлерінің, құрылымдары мен қызметтерінің өзгеріп отыруы. Саяси өзгеріс биліктің негізгі құрылымдары мен тетіктерін қозғамайтын қасиеттерін трансформациялауды білдіреді. Мысалы, көшбасшылар, өкімет, жеке институттар өзгеруі мүмкін, бірақ басты құндылықтар, ережелер, билікті жүзеге асыру тәсілдері бұрынғы сипатта қалады.

Саяси ғылымда өзгеріс көздері, тетіктері мен түрлері туралы әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мысалы, Маркс саяси өзгеріс себептерін экономикалық қатынастар ықпалынан, Парето элиталардың циркуляциясынан, Вебер харизматикалық көшбасшы қызметінен, Парсонс адамдардың әр түрлі рөлдерді атқаруынан көрген.

Саяси өзгеріс түрлері: қызмет істеуі, дамуы және құлдырауы. Саяси құбылыстардың қызмет істеуі азаматтардың өзара қатынасын, мінез-құлық түрлерін немесе мемлекеттік билік институттары өздерінің тікелей қызметтерін орындауда қалыптасқан негізгі мәндерден өзгертпейді. Саяси өзгерістің екінші тәсілі - бұл даму. Саяси құбылыстардың негізгі өлшемдерінің оң сипатта эволюциялық өзгеруін білдіреді. Өзгерістің үшінші түрі - бұл құлдырау, саяси құбылыс эволюциясының теріс дамуын білдіретін негізгі түрлер мен қатынастардың өзгеру тәсілі.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси өзгеріс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}