Саяси әдістеме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси әдістеме - [грек, metodos - зерттеу жолы, logos - сөз, ілім] - саяси зерттеу жүргізу әдістері туралы ілім. Бір мағынада әдістеме ретінде саяси ғылымдағы зерттеу қызметінің бағыттарын анықтаушы гносеологиялық қағидалар, сонымен бірге жаңа білім алу принциптері мен әдістері. Екінші бір мағынада саяси ғылым ауқымындағы арнайы пән. Бүл пән нысаны - саяси зерттеу жүргізу үрдісі. Әдістеме танымдық жүйе ретінде бірнеше деңгейден тұрады: философиялық сипаттағы білім, ғылыми зерттеу мәні, құрылымы, принциптері, ережелері мен әдістері туралы білім, нақты зерттеу пәніне қатысты теориялық білім. Арнайы саяси пән ретінде әдістемеде нақты-саяси зерттеу үрдісі теориялық түрғыдан түсініледі. Саяси ғылымды рефлексиясы бар жүйе ретінде қарастыруға болады. Бүл - өзінің зерттеулік іс-әрекетін ой елегінен өткізуге бағытталған ғалым қызметі. Егер саясаттанушы саяси шындықты зерттейтін болса, онда әдіскер нақты құндылық бағыт түрғысынан ғалым жүмысын түсіндіруғе, сипаттауға және түсінуге ұмтылады.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси әдістеме|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}