Саяси үстемдік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси үстемдік - біреулер басшылық ететін, ал біреулер бағынатын мемлекеттік-құқықтық құрылыстағы бекітілген саяси тәртіп.<ref name=a1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Саяси үстемдік - мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі; авторитарлық түрдегі көшбасшысы бар қатаң шектелген адамдар тобының шексіз саяси, экономикалық және идеологиялық билігі. Саяси үстемдікке қарулы күшті қолдану, құқық пен бостандықты шектеу тән. Саяси үстемдік билікті жүзеге асыру тәсілі ретінде төтенше, қоғамдағы тұрақсыздық, қоғамдық қарама-қайшылықтар шиеленіскен, т.б. жағдайларда қалыптасады.

Саяси үстемдік жағдайына шынайы билікті бөлу емес, азаматтық қоғамды басып-жаншу тән. Яғни, азаматтық бағынбаушьшыққа қарсы террор мен нәубет қолданылады. Билік диктатордың, бір адамның немесе бір топтың қолына шоғырландырылады. Ал саяси құқық пен бостандықты шектеу әр түрлі салалардағы "азаматтық міндеттерді" орындауға мәжбүрлеу шараларына ұласады.

Саяси үстемдік жағдайында саяси шешімдерді қабылдауға агрессивті сипат себептенеді. Саясат қатаң тәртіпке негізделеді. Саяси бақылау әдістері қорқыту, үркіту, тіптен көзін құртуға дейін баратын күштеу, зорлауға сүйенеді.

Саяси үстемдіктің тарихи қалыптасқан түрлері: тайпалық, монархиялық, әскери, теократиялық және идеологиялық. Тайпалық саяси үстемдік әлі күнге дейін артта қалған Африка елдеріне тән, алғашқы қауымдық құрылыстың қарапайымдылығы мен трайбализмге, туыстық-рулық қатынасқа негізделеді. Ал монархия үстемдікке шексіз болған, яғни билік бір адамның - билеуші қолына шоғырланған жағдайда айналады. Әскери саяси үстемдіктің классикалық түрлеріне XX ғ. латын америнандық тәртіптерді жатқызуымызға болады. Бұл жағдайда басқолбасшы әскерге сүйенеді. Діни сенімдерге негізделген саяси үстемдік кейбір Азия елдеріне тән. Әлеуметтік идеологиялық саяси үстемдікке кезіндегі "пролетариат үстемдігін" жатқызуымызға болады. Фашистік саяси үстемдік ұлттық артықшылық идеясына негізделді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси үстемдік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}