Саяси наразылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси наразылық - саяси қатысудың ерекше өлшемі болып табылады. Саяси наразылық көрсету түрінде қатысуды теориялық тұрғыдан түсіндірудің өзі қиын. Себебі, наразылық көрсетудің тиімді қабылданатын инструменттік сипаты жоқ, сонымен бірге оны билікпен тікелей байланыс түсініктері арқылы түсіндіру мүмкін емес. Бірақ саяси наразылық көрсету қоғамның саяси жүйесіне күшті ықпал ететін әлеуметтік белсенділіктің жарқын көрінісі ретінде қарастырылады.

Саяси наразылық көрсету түрінде қатысудың басты ерекшелігі оған тартылған индивидтер мен топтардың қалыптасып отырған әлеуметтік-саяси және құқықтық тәртіп шеңберінде орталық және жергілікті билік құрылымдарымен конструктивті ынтымақтасудан бас тартуы болып табылады. Мұндай жағдай саяси наразылық көрсету түрінде қатысуды "дәстүрлі емес саясат" ретінде анықтауға мәжбүр етеді. Сонымен, саяси наразылық көрсету түрінде қатысу әр түрлі саяси белсенділік түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ресми ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға хат жазу; "қарсы" дауыс беру, яғни сайлаушының барлық үміткерге қарсы дауыс беруі; "қарсылық көрсету " акцияларына қатысу және т.б. жатады.

Бірақ, бұл наразылық көрсетушілер билікті толығымен мойындамайды дегенді білдірмейді. Керісінше, оларды басқару жүйесінің ахуалы қатты толғандыратынын көрсетеді.

Саяси наразылық көрсету түрінде қатысуды зерттеген А.Марш наразылық көрсетуді міндетті түрде ортодоксалды саяси мінез-құлыққа қарсы қоюдың қажеті жоқ екенін көрсетеді. Марш пікірінше, индивид мінез-құлқындағы наразылық көрсету әлеуеті мен олардың ортодоксалдық саяси мінез-құлық моделіне қосылуына дайындығы арасында өзара байланыс бар. Яғни, наразылық көрсету түрінде қатысу белгілі бір деңгейде, жағдайда ортодоксалдық қатысуға айналу мүмкіндігін айтты. Себебі, наразылық көрсету түрінде қатысу басқа қатысу түрлерінен бас тарту дегенді білдірмейді. Керісінше, наразылық көрсету түрінде қатысу әлеуметтік-саяси түрғыдан белсенді азаматтар қызметі.

Саяси наразылық көрсету акцияларына қатысу дайындығы мен іс-жүзінде қарсылық көрсету, көңіл толмаушылықтың шынайы деңгейін анықтау мақсатында саяси ғылымда "нарызылық көрсету белсенділігі" мен "наразылық көрсету әлеуеті" деген ұғымдар пайдаланылады.

"Наразылық көрсету белсенділігі" мен "наразылық көрсету әлеуетін" қалыптастыруға ықпал ететін факторларды шартты түрдегі депривация теориясымен түсіндіреді. Депривация теориясын азаматтық дау-жанжалдарды зерттеуші Тед Роберт Гарр ұсынған.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси наразылық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}