Саяси көңіл-күй

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси көңіл-күй - тұрғындар өмір сүріп отырған саяси тәртіп шеңберіндегі өздерінің талап-тілектеріне қанағаттану деңгейін эмоциялық-сезімдік бағалау. Саяси көңіл-күй сыртқы жағдайларға және субъектінің өзінің жағдайына тәуелді. Саяси көңіл-күйдің құрылымдық бөліктері: санасыз сезіну мен эмоциялар, күтушілік сезімі, билікке өзінің ықпал ету мүмкіндіктерін бағалау.

Саяси көңіл-күйді билікке идеалды талаптар қоюшы және шынайы қалыптасушы психологиялық жағдай ретіндегі саяси көңіл-күй ретінде бағалауға болады. Саяси көңіл-күй белгілі бір циклдар шеңберінде дамиды: пайда болуы, бүрылысы, көтерілуі және қайта оралуы. Саяси көңіл-күйдің пайда болуы кезеңінде адамдар өздерінің наразылықтарын білдіріп, кінәлілерді іздейді. Саяси көңіл-күйдің бүрылыс кезеңінде адамдардың сезімдері саяси талаптарға айналып, олар өз наразылықтарының себептерін түсіне бастайды. Саяси көңіл-күйдің көтерілу кезеңінде басым көңіл-күй анықталып, оны жүзеге асыру іс-әрекеттері талап етіле бастайды. Саяси көңіл-күйдің қайта оралуы кезеңіне эмоциялық құлдырау, көңіл-күйге шынайы немесе бұлыңғыр қанағаттану тән. Саяси тәртіптің қызметінде саяси көңіл-күй маңызды рөл атқарады, сондықтан саяси тәртіп оның динамикасын болжауға, тіптен оны басқаруға ұмтылады. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси көңіл-күй|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}