Саяси догматизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саяси догматизм - тарихқа қарсы, метафизикалық, қатып қалған ойлау түрі, теориялық және тәжірибелік мәселелерді талдау мен багалауда нақты шынайылық, уақыт есепке алынбайды. Догматизм ұғымы көне грек философтары Пиррон және Занонмен енгізілген, олар ақиқат білімнің болу мүмкіндігін жоққа шығарды. Кейін ұғым мазмүны бірте-бірте өзгерді.

Сурет:Petrarca-Meister 001.jpg
Көне грек философы Пиррон

Догматизмнің психологиялық көздері - беделге (діни, ғылыми, саяси) және олардың догматтары, түжырымдары мен ұрандарына көрсоқырлықпен сену. Әлеуметтік-саяси - өздерінің мүдделеріне топтық немесе жеке қызығушылық, өзінің үстемдігін бір бағдарлама, түжырым арқылы мәңгілікке сақтауға ұмтылу. Жалпы әлеуметгік көздері - қоғамда шығармашылық ойлау мен тәжірибелік қызметтің дамуына қажетті жағдайлардың болмауы, бірінші кезекте демократия мен сөз бостандығының болмауы. Мақсаттар, үрандар, теориялар ақиқаттығын тексеру мүмкіндігінің болмауы да догматизмге әкеліп соқтырады.

Догматизм - фундаментализмнің психологиялық тірегі. Шектен шыққан догматизм фанатизмге ұласады, яғни қандай да бір басқа көзқарасты, пікірді мойындамау, қабылдамау. Табиғатта, соның ішінде саясатта диалектика абстрактылы-догматикалық ойлауға абстрактылы ақиқаттың болмайтыны туралы ұстанымды қарсы қояды. Саяси ақиқат нақты, яғни белгілі бір орын мен уақытқа тәуелді. Саясаттағы ақиқат үрдіс ретінде қызмет жасайды. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси догматизм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}