Саясаттағы алдап-арбау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Саясаттағы алдап-арбау -қоғамдық және жеке санаға ұйымдастырушыға қажетті саяси ұстанымдарды қалыптастыру мен нақты бағыттағы саяси мінез-құлықты тудыру мақсатындағы ықпал ету. Саяси алдап-арбауда кімнің ресми билік қүрылымдарында, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында ықпалы мол, соның жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Саяси алдап-арбауды саясаткерлердің азаматтардан қажетті саяси эмоцияларды алу тәсілі деуімізге де болады. Саяси алдап-арбау өтірік алдау арқылы жүзеге асырылады. Ол нәтижелі болу үшін оның объектілері өздерінің мінез-құлқы басқа адамдармен бағытталып отырғанын білмеуі керек. Саяси алдап-арбауда адамдардың санасы түбіндегі ұстанымдар, қағидалар мен олардың білместігі, жеке саяси құбылыстарға талдау жасау дағдыларының жоқтығы пайдаланылады. Ол азаматтардың санасын, олардың ақыл-ойы мен еркін бағындыруға бағытталады. Саяси алдап-арбаудың БАҚ монополиялық ықпалы жағдайында мүмкіндіктері жоғары болады. БАҚ саяси алдап-арбаудың құралдары өте көп. Мысалы, біржақты насихат, шынайы ақпаратты таратпау. Қоғамдық санада стереотиптерді қалыптастыруда қарапайым ұстанымдарды қайта-қайта қайталау, қарсыластарға психологиялық қысым көрсету өте үлкен рөл атқарады. Осы арқылы қоғамдық пікірде ресми саясатқа балама "саясат жоқ" үстанымын қалыптастыруға болады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саясаттағы алдап-арбау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}