Сахитжан Бермағанбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сахитжан Бермағанбетов - (1982 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Қарақұм ауылында — 2008 жылы Қызылорда қаласы) теле-журналист. Қоркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (2004 жылы) <ref>Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5</ref>.

Студент кезінен бастап қалалық "Қоғамдық теледидар" арнасында редактор, хабарлардың авторы мен жүргізушісі, "Қазақстан Қызылорда" телеарнасында редактор қызметін атқарып, осы арнанын "Түйін" ақпаратты сараптау бағдарламасын жүргізді (2007 жылы), облыс әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының жетекшісі болды (2007 жылы). Жас та болса өзінің өткір тілімен, батылдығымен ұшқыр ойлы журналист екенін көрсете білген С.Бермағанбетов халықтың сүйікті ұлына айналды. Бірнеше рет облыстық, республикалық деңгейдегі телебайқаулардың жеңімпазы болды. Ол небәрі 24 жасында тікұшақ апатынан қаза тапты (2008 жылы).

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}