Сафир Сейіт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Сафир Сейіт (туған - өлген жылы белгісіз) — 1681 — 84 жылдардағы башқұрт көтерілісінің жетекшісі. Патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Сейіт халықты жаппай наразылық көрсетуге үгіттеді. Күштеп шоқындырылған башқұрттар мен татарлардың мұсылмандыққа қайта көшуіне күш салды. Башқұрттар арасында Сейіттің беделі күнге-күнге артып, оның соңынан ерушілер қаруланып, жергілікті билік орындарына және орыс селоларына қарсы ашық шабуыл жасай бастады. Сейіт басшылық еткен көтерілісшілерді татар, марий, мордва халықтарының өкілдері де қолдады. 1682 ж. Қазан қаласының воеводасы П.В. Шереметьев бастаған жазалаушы отрядпен шайқаста Сейіт ауыр жарақат алғанына қарамастан, қалмақтар билеушісі Аюкемен байланыс орнатып, көтерілісшілерге қолдау көрсетуін өтінді. Аюке Сейітке бастапқы кезде көмек көрсетіп, жазалаушы отрядқа ойсырата соққы берді. Алайда патша өкіметі Аюкені өз жағына шығарудың амалын тауып, башқұрттарға айдап салды. Жазалаушы отряд пен қалмақтардың соққысынан соң Сейіт бастаған көтерілісшілер жеңілді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сафир Сейіт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}