Сауық кеші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сауық кеші - 19 ғасырлардың аяғы мен 20 ғасырлардың басында оқыған қазақ жастары ұйымдастырған ойын-сауықтар. Сауық кештері бағдарламасынан ән, би, күй, қазақтың ұлттық ойындары, айтыс, көркемсөз кен орын алды. Ішінара шағын пьесалар қойылды. 1911 - 16 ж. Ақмешіт, Атбасар, Қызылжар, Орал, Семей қалаларында тұрақты көркемөнерпаздар үйірмелері мен өнер әуесқойлары қоғамдары жұмыс істеді. Сауық кеші Шығыс кеші деген атпен де өткізіліп тұрған. Сауық кештің қазақ театр өнерінің қалыптасуына үлкен әсері болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}