Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев
Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев (19 қараша 1962 жыл, Панфилов ауданы, Талдықорған облысы) — қазақстандық саясаткер. Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда, Энергетика және минералды ресурстар, Мұнай және газ министрліктері мен «Самұрық», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компанияларының бұрынғы басшысы.
Өмірбаяны
- М.Ю. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша бітірген.
- 1988 жылы экономика ғылымының кандидаты болды. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Прогнозирование воспроизводства основных фондов».
Қызмет жолы
- Алматы халық шаруашылығы иниститутының оқытушысы, доцент міндетін уақытша атқарушы (қаңтар 1989 – қараша 1990);
- Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қорының Ғылыми-консультативтік орталығы директорының орынбасары (қараша 1990 – қаңтар 1991);
- «Қазақстан» Республикалық құрылыс биржасы» АҚ Директоры (қаңтар 1991 – шілде 1992);
- Қазкоммерцбанк АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (шілде 1992 – қаңтар 1995);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары (қаңтар 1995 – қараша 1995);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары — Қазынашылық басшысы (қараша 1995 – қаңтар 1997);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары (қаңтар 1997 – наурыз 1997);<ref name="ReferenceA">Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 1997 жыл. № 355 О Мынбаеве С.М.</ref>
- Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі, бірінші Қаржы вице-министрі (18 наурыз 1997 – ақпан 1998);<ref name="ReferenceA"/>
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрі (ақпан 1998 – қаңтар 1999);
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (қаңтар 1999 – шілде 1999);
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі (шілде 1999 – мамыр 2001);
- Қазақстан Даму Банкі ЖАҚ Президенті (мамыр 2001 – мамыр 2002);
- «Каспий өнеркәсіп-қаржы тобы» ЖШС Бас директоры (маусым 2002 – 13 маусым 2003);
- Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары (13 маусым 2003 – қаңтар 2006);<ref>Указ Президента Республики Казахстан от 13 маусым 2003 жыл. № 1115 О назначении Мынбаева С.М. заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан</ref>
- Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және сауда министрі (14 желтоқсан 2004 – қаңтар 2006);<ref>Указ Президента Республики Казахстан от 14 желтоқсан 2004 жыл. № 1500 О назначении Мынбаева С.М. заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан - министром индустрии и торговли Республики Казахстан</ref>
- «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі (қаңтар 2006 – 27 тамыз 2007);
- Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрі (27 тамыз 2007 – 12 наурыз 2010);<ref>Указ Президента Республики Казахстан 27 тамыз 2007 жыл. № 394 «О назначении Мынбаева С.М. Министром энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан»</ref>
- Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрі (12 наурыз 2010 – 3 шілде 2013);<ref>
Указ Президента Республики Казахстан от 12 марта 2010 жыл. № 938 «О назначении Мынбаева С.М. Министром нефти и газа Республики Казахстан»</ref>
- ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы (3 шілде 2013 – 20 қараша 2018).
- Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы (20 қараша 2018 – сәуір 2021).
Отбасы
Мыңбаев үйленген, жұбайы — экономист Қалиева Жанар Салауатқызы. Қызы — Жансұлу және ұлы — Дамир.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Нұрлан Балғымбаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Қасымжомарт Тоқаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Даниал Ахметовтің министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтің I министрлер кабинеті Үлгі:Серік Ахметовтың министрлер кабинеті
- Қазақстан саясаткерлері
- Экономика ғылымдарының кандидаттары
- Қазақстан экономистері
- Қазақстан банкирлері
- Қазақстан вице-министрлері
- Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлері
- Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары
- Қазақстан энергетика министрлері
- Қазақстан мұнай және газ министрлері
- Барыс орденінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан индустрия министрлері
- Қазақстан сауда министрлері