Сатылған Атамқұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сатылған Атамқұлов (1907-1955), актер. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1946). Шығармашылық жолы әр түрлі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан басталады. Абай атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының өркендеуіне белсене ат салысты. Көбінесе өр мінезді, ер қайратты рөлдерде ойнады. Әуезовтің «Еңлік - Кебегіндегі» Кебек, Кеңгірбай, «Түнгі сарындағы» Тәнеке бейнелерін жасады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Орындаған рольдері

  • Талтаңбай (Б.Майлиннің "Талтаңбайдың тәртібінде"),
  • Кебек,Кеңгірбай, Тәнеке (М.Әуезовтің "Еңлік - Кебегі" мен "Түнгі сарынында"),
  • Сердәлі, Жантық (Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқтысы" мен "Қозы Көрпеш- Баян сұлуында"),
  • Махамбет (М.Ақынжановтың "Исатай- Махамбетінде"),
  • Базарбай, Шеге (Е.Г.Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде").<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}