Сатыбалды Ділманұлы Ділманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сатыбалды Ділманұлы Ділманов (1 мамыр 1947 жылы туған, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қызылмақташы ауылы) – тарих ғылымының докторы (2005), профессор (2005), Ресей әскери академиясының академигі (2005).

Қорған қаласындағы (Ресей) жоғары әскери-саяси авиациялық училищені (1969), ҚазМУ-ды (1984, қазіргі ҚазҰУ) және Алматы жоғары партия мектебін (1986) бітірген. 1973–86 ж. әскери бөлімше және бөлім бастығының орынбасары, 1986–92 ж. Қырғызстанның әскери оқу орнында оқытушы, курсанттар бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1992–2000 ж. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқытушы, аға оқытушы, 2000–03 ж. Қазақстан Гуманитарлық университетінде әскери кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2003 жылдан Ұлттық қорғаныс университеті бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары. Ділманов Қазақстан тарихындағы «Ақтаңдақтарды» зерттеуге зор үлес қосты. 70-тен астам ғылыми мақаласы жарық көрген.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сатыбалды Ділманұлы Ділманов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}