Сасыққурай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Сасыққурай<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін эфемероидты (вегетац. мерзімі қысқа) өсімдіктер. Қазақстанда шөл және шөлейтті, аласа тау беткейлеріндегі қорымтасты жерлерде, әсіресе Қаратаудың солт.-шығ-ндағы сілемдерінде өсетін 2 түрі: Қаратау сасыққурайы (D. karatavіense) және құмдық сасыққурай (D. sabulosum) бар. Бұлардың биікт. 1 м-дей. Тамырлары жуан, тамыр мойнын қураған жапырақтар жауып жатады. Сабақтары да жуан, қалың түк жапқан, жоғ. жағы (ұшына жақындаған сайын) бұтақталып келеді. Жапырақ тақтасының үстіңгі беті жылтыр, астыңғы жағына қарай түкті келеді. Сабақ түбіндегі жапырақтары ұзын сағақты, сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарады. Гүлдері өте ұсақ, қос жынысты, ақ немесе сары түсті, олар шатыр гүлшоғырына топталған. Әр гүлшоғырында 15-ке дейін гүлдері болады. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі — түкті, эллипс пішінді, ілмешекті қос тұқымша. Ілмешек деп аталуы — қосақтасқан құрғақ жемістері сырға тәрізді ілініп, төмен қарай салбырап тұрады. Қаратау Сасыққурайы — өте сирек кездесетін эндемикті өсімдік ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сасыққурай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}