Сар, сар желу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Cap, cap желу. Өкінішке орай, тілімізде өте ертеден, ат жалын тартып мінген аталарымыздан бері өмір сүріп келе жатқан бұл тұрақты тіркестің тез ұмытылғанына таңданамыз. «Ұмытылған» деуге дәлел — «cap желу» сөз тіркесіне не орфографиялық, не он томдық түсіндірме сездіктен орын тимей, қаға берісте қалған. Оқырман қауымның: «мынау автордың өз ойынан жасаған сөз тіркесі ғой» деуінен қашқалақтап, тіркестегі «сар» сөзінің төркінін іздестіргіміз де келмеп еді. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, 1964 жылы жарық көрген «Орысша-қазақша сөздіктен» мынаны кездестірдік: Рысью-нареч...2. разг. қатты желу, cap желу... (709.). Демек, тілімізде «cap желу» тұрақты тіркесі бар екен. Тілімізде «сары» (cap) тұлғасымен тіркеске түсетін сөздер саны бірнеше ондаған. Әрине, олардың бәрі бірдей заттың түсімен байланысты қолданыла бермейді. Дәл сол сияқты біз әңгімелеп отырған «cap желу» сөз тіркесіндегі «сар» (сары) сөзінің де түсті білдіруге үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Және төркіні де түркі тілдерінен емес екендігін байқаймыз. Араб тілінде «сариғ» тұлғасы біздің түсінігіміздегі «жылдам», «шапшаң», «асығыс» мағыналары орнына жұмсалады. Болжамымызша, «cap желу» тіркесінің нағыз қазақша мағынасы «жылдам желу» болмақ.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}