Сары шоқсары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Сары шоқсары (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасы, шоқсары туысына жататын тамыры көлбей өскен, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Сабақтарының іші қуыс, сырты жұмыр, биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді. Сабақтары кейде бірнешеу болады.
  • Жапырақтары тықыр, жұмыртқа тәрізді, төменгі жағындағыларының сағақтары қысқа, жоғарғы жағындағылары отырмалы.
  • Гүлдері сары, майда, гүл сабақтары қысқа, 15-20-дан жиналып гүлшоғырын жасап тұрады.
  • Жемісі - сопақшалау, ұзындығы 4-5 мм-ге жететін қоңыр түсті дәнектер. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Жемісі шілде-тамыз айларында піседі.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Тянь-Шань тауында, Қытайда таралған. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында, Тарбағатай, Қарқаралы тауларында кездеседі. Орманның шеттерінде, өзеннің жағалауларында, қайыңды ормандардың ішінде өседі.

Емдік қасиеті және қолданысы

Құрамында С дәрумені, каротин, сапониндер, алкалоидтар, рутин, нарциссин бар.
Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін жинайды. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілер өт қалтасы қабынғанда және бауыр ауруларын емдеу үшін қолданылады. Асқазанның қышқылын көбейтеді, бауырдан өттің бөлінуін күшейтіп, оның химиялық құрамын жақсартады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер