Сарықатын (қыстау)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

СарықатынЖайық өзенінің тармағы Бақсай өзенінің жайылмасындағы қыстау.

Географиялық орны

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есмахан ауылынан батысқа қарай 2 км жерде орналасқан.

Сипаттамасы

Қыстаудың жазық жер бедерін төрттік кезеңнің көлді-аллювийлі шөгінділері жапқан. Өзеннің сазды-шалғынды және сортаң топырағында жиде, жүзгін, аралас бұйырғын, жусан, ақмия, қамыс, батпақты шалғындар өскен.<ref>Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер