Сарығожин Мұхамеджан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Infobox Biography

Сарығожин Мұхамеджан, Ақшолақ — шешен, аға сұлтан.

Өмірбаяны

Байұлы тайпасының Алаша руынан <ref>Үлгі:Cite web</ref> Ол Соналы болысының (Ілбішін, Калмыков, Жымпиты уездері қараған) 30 жылдай аға сұлтаны болып бірнеше рет сайланған. Сарығожин 1891 жылы Ресей патшасының болашақ мирасқоры Николай Романовты қонақ еткен. Ол хан тоғайына бірнеше ақ киіз үй тіктіріп, оның ішін ұлттық жиһаздармен безендіріп, дастарқан жайып, болашақ патшаға дәм татқызды, патша мирасқорына киіз үйдің біреуін сыйға тартты. Сарығожин 1894 жылы II-ші Николай патшаның таққа отыру рәсіміне қатысты.

Ресейдің соңғы патшасы, өзінің іскерлігімен, тапқырлығымен ұнаған Сарығожинге дворяндық әлеуетпен мәртебесі бірдей «Ресей империясының құрметті азаматы» атағын берген.

Сарығожин өз қаражатына Соналы болысында 50 орындық мектеп ашып, Орал реалдық әскер училищесінде оқитын қазақ балаларына жәрдемақы белгілеген.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub