Сарышығанақ бөгені
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сарышығанақ бөгені– Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы бөген. Ұзындығы 120 км, ені 150–180 м, тереңд. 25–30 м, су сыйымд. 60 млн. м3, айдыны 0,2 мың км². 15700 га жерді көлдетіп суарады. 1944 ж. Қараөзен бойында салынған, 1960 ж. жөндеуден өтті. Бөгеннен төменге қарай су жіберетін алты қақпа секундына 133 м3 және Баубек, Айдархан магистралды каналдары 40 м3 су өткізеді. Суында сазан, шортан, аққайран, көксерке, жайын, табан, т.б. балықтар бар. Айналасы мал жайылымы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>
Пайдаланылған cілтемелер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}