Сарытөбе (қоныс)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сарытөбе – ортағасырлық қоныс орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылынан 2,5 км солтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Сипаты

1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізген.
«Алаңқайлы төбе» түріндегі бұл қоныс жобасы тікбұрышты. Бұрыштары әлемнің төрт бұрышына қараған. Төбе ұзындығы 120 м, ені 40 м. Оның қасында диаметрі 40 м шамасында, биіктігі 3 м төбе және оған жанасып жатқан төбешік бар. Қонысты табандығы 9-10 м, биіктігі 1,5 болатын жал қоршап жатыр.
Зерттеу барысында құм, түрлі қыш ыдыстар сынықтары кездескен. Олардың көбісі сырсыз. Табылған бұйымдарға қарағанда Сарытөбені халқы VII-IX ғасырларда мекендеп, егін және мал шаруашылықтарымен шұғылданған.<ref>Жамбыл облысы энциклопедиясы. Алматы, ISBN 9965-9389-1-1</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер