Сарытас шығанағы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шығанақ Сарытас – Каспий теңізінің шығысындағы шығанақ. Маңғыстау шығанағының оңтүстік жалғасы.

Географиялық орны

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында, Түпқараған түбегінің солтүстік жағалауында.

Сипаты

Доғаша иілген шығанақ құрлыққа шамамен 6–7 км еніп жатыр. Теңізге қараған ені 15–18 км. Жарқабақты батыс жағалауының биіктігі 8 м, орта бөлігінде 3–5 м, шығыс жағалауының биіктігі шамамен 1–1,5 м. Кеме тоқтауға қолайсыз. Суының тереңдігі 4 м. Шығанақтың қиыр батысында Сұлтанапа мүйісі, шығысының түйетайлы жағалауында суы тұзды Төбе құдығы орналасқан. Сондай-ақ жағалау бойында шағын балық артельдері, қыстаулар бар.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер