Сарымсақова Шолпан Рахматуллақызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сарымсақова Шолпан Рахматуллақызы1935 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық.Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. Кеңес саудасы техникумын, Алматы қаласындағы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Көптеген жылдар сауда саласында жемісті еңбек еткен. Қазақ Тұтынушылар одағының кітап саудасы басқармасында аға товаровед, "Қазақстан" республикалық кітап саудасы бірлестігінде директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Баспа өнімдерін халыққа тарату ісі — қиын да әрі абыройлы жұмыс. Жас ұрпаққа, қалың бұхараға қажетті кітапты дер кезінде жеткізіп беру қандай ғанибет. Сарымсақова Шолпан өз ісіне ұқыпты, әрдайым жұмыс барысында ұйымдастырғыш қабілетімен ортасына абыройлы, қол астындағыларға беделді басшы болған. Шолпан Рахматуллақызының кітап саудасы саласындағы жемісті еңбектері бағаланып, "Еңбек үздігі", "Еңбек ардагері" медальдарымен марапатталып, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}