Сарыкөлшың
Үлгі:Тау Сарыкөлшың – Кіші Арал теңізінің солтүстігіндегі аласа жота.
Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 230 м шамасында. Оңтүстіктен солтүстікке қарай доғаша созылып жатқан жотаның ұзындығы 20 км-дей, енді жері 10-12 км. Күрделі пішінді жотаның оңтүстік беткейі тіктеу келген, солтүстік беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады. Солтүстік-шығысында кемерленген тік жарқабақтар мен жартастар кездеседі. Олардың биіктігі 28 м-ге жетеді. Осы бөлігінің етегінде Жаңғыжуа (Янги жуа) жайлауы жайласқан. Сондай-ақ жотаның етегінде бірнеше құдықтар, бұлақ көздері, қыстаулар бар. Шығыс етегінде сор, батпақты жерлер бар.
Өсімдігі
Қуаң даланың бозғылт сұр, құмайтты сұр топырағында бұта аралас, жүзгін, баялыш, теріскен, бұйырғын, ши, т.б. сораң шөптесіндер өскен.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>