Сарыбасқурай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Сарыбасқурай (Үлгі:Lang-la) — орамжапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 20 — 100 см.
  • Сабағы тік.
  • Жапырақтары қауырсын салалы, шеті иректелген, сырты түкті.
  • Гүлдері сары түсті, ұсақ шашақ гүлшоғырына топталған.
  • Маусымшілде айларында гүлдеп, жеміс салады.
  • Жемісі — бұршаққын.

Өсетін жері

Қазақстанда шалғынды жерлер мен таудың тастақты беткейлерінде, өзен бойларында, жол жиектерінде, тұрғын үйлердің маңында, егістіктерде өседі.

Түрлері

Сарыбасқурайдың бірнеше түрі бар:

Сарыбасқурайдың арамшөптік түрлерінің өте көп ұсақ тұқымының құрамында 30%-ға дейін май болады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Емдік қасиеті және қолданысы

Дәрі жасау үшін сарыбасқурайдың жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде пайдаланады. Негізінен оны жас күйінде пайдаланған дұрыс, кептірілген өсімдіктің дәрілік қасиеті кемиді. Құрамында эфир майлары, С дәрумені бар. Дәрілік сарыбасқурайды көбінесе құрқұлақ ауруына қарсы және несеп жүргізетін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қоладанады. Дизентерияны емдеу үшін және іріңді жараларға да пайдаланылады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер