Сарыарқа - Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Naurzum nature reserve.JPG
Наурызым қорығы

Сарыарқа — Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері — Қазақстан, әрі Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан. 2008 жылдың 7 шілдесіне Квебекте (Канада) өткен Әлемдік Мұра Комитетінің 32-сессиясында қабылданған болатын.<ref name="unesco"> Үлгі:Cite web </ref>.

Нысан Қазақстанның далалық аймағында орналасқан жалпы ауданы 450 344 га. құрайтын екі қорықтан тұрады - Қорғалжын қорығы және Наурызым қорығы. Нысан тұщы және ащы сулы екі өзендер тобын қамтып, солтүстіктегі Арктикаға және оңтүстіктегі Арал-Ертіс бассейніне құятын өзендердің суайырығы болып табылады. Сонымен қатар, жыл сайын Африка, Үндістан және Оңтүстік Еуропадан Батыс және Шығыс Сібірде орналасқан ұя салу орындарына миграциялайтын миллиондаған жыл құстары үшін маңызды аялдау жері болып табылады.

Бұл сулы-батпақты алқаптар жаһандық қауіп төнген кәдімгі қоқиқаз, бұйра бірқазан, ақ тырна, тарғақ, аққұйрықты субүркіт, ақбас үйрек сияқты құстардың популяциясын демеп тұруға үлесін тигізіп келеді және бұдан басқа нысанға енген 200 мың га. орта азиялық жазықтық далалық аймақ флорасы жартысынан көбісінің, сонымен қатар ақбөкеннің мекен ету аймағы болып табылады.

Дереккөздер

<references />

Үлгі:Қазақстандағы Әлемдік мұра