Сарыарқа (ән-би ансамблі)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына "Сарыарқа" - әуеской қазақ ән-би ансамблі. 1965 жылы Балқаш кен-металлургия комбинатының "Металлург" Мәдениет және техника сарайы жанынан құрылды. Алғашында әуесқойлардың халық аспаптары үйірмесі дәрежесінде болды, одан кейін осы үйірме халық аспаптарының оркестріне айналды. 1968 жылы оркестр жанынан хор үжымы үйымдасып жұмыс істей бастады. Осы екі ұжымның негізінде "Сарыарқа" ән-би ансамблі ұйымдасты. 1974 жылы оған халық ансамблі атағы берілді. Ансамбль жетекшілері - К.Төлеутаев (1968 - 81), ал 1982 жылдан Т.Оразалин болған. Репертуарында қазақ компларының (М.Төлебаевтың "Біржан - Сара" операсы бойынша жасалған музыкалық композиция, 1971; Е.Г. Брусиловский мен Ғ. Мүсіреповтің "Қыз Жібек" музыкалық драмасы, 1974; т.б.) шығармалар орын алды. Гастрольдік сапармен Мәскеуде, Алматыда, Қарағандыда, Жезқазғанда, т.б. қалаларда болды. Бүкілодақтық жастар фестивалінің дипломанты (1973), республикалық (1970) және облыстық (1967, 1972, 1973) байқаулардың лауреаты.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}