Сарт Еділұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Сарт Еділұлы — батыр.

Өмірбаяны

Исатай-Махамбет бастаған көтеріліске қатысқан. Тегі — жаппас руының қарағұл атасынан.

Аталас ағайыны, старшын Әлжан Тұрманбетұлымен бірге 1836 жылы 14 шілдеде көтерілісшілерге қосылған. 1837 жылы 4 қазанда Сарт өз руластарын бастап, Орал қазақ-орыс атаманы Покатилов экспедициясына қарсы соғысқан. 1837 жылы 24 қарашада подполковник Меркульевтің отряды ысық Қалдыбай, байбақты Өтеміс Қошқарұлы ауылдары мен бірге Жайыққа беттеген Сарттың көшін қоршап алады.

60 киіз үй, 70 әйел, 320 түйе, 800 сиыр, 2000 қой орыс әскерлерінің қолына түседі. Көш бастаған 12 еркек — Сарт, Өтеміс, Қалдыбай және т.б. қашып шығып, Исатай қолына қосылады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Сарт Жем бойындағы көтерілісті белсене ұйымдастырып, ел аузында «Қиыл қырғыны» аталған Ақбұлақ соғысында мерт болады. Оның Шөкім, Көшім, Ерше, Нұрша, Ырғи, Нұрғи, Бекет атты ұлдары да көтеріліске қатысқан.<ref>Әнес Сарай., Исатай Махамбет тарихы, А., 1997.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сарт Еділұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}