Сарсенғалиев Қаби

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сарсенғалиев Қаби – 1925 жылы 6 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданының Жиекқұм ауылдық Советінде дүниеге келген. Ауыл мектебінде 7 жылдық білім алып, ерте еңбекке араласады. 1943 жылы қаңтарда Қызыл Әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысы аяқталғанша 5-ші Гвардиялық Танк әскерінің барлаушы полкінде болады. Соғыстан кейінгі жылдары Германия, Польша, Белоруссия жерінде, Москвада әскери қызметін жалғастырады. 1948 жылы елге оралып, милиция қызметіне орналасады, ішкі істер бөлімінде 35 жыл абыройымен еңбек етіп, аға сержант шенінен милиция полковнигіне дейінгі жолдан өтті. 14 жыл Чапаев аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, 11 жыл өрт сөндіру бөлімің бастығы қызметін атқарды.

Білімі жоғары. КСРО Ішкі Істер Министрлігінің Москвадағы Жоғарғы Мектебін бітірген. 3 дәрежелі Даңқ, 2 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

Әдебиет

  • «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сарсенғалиев Қаби|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}