Саркоидоз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ауру

Саркоидоз (Бенье-Бёк-Шауман ауруы) — туберкулез микобактериясы болмаған жағдайда казеинделмеген тканьдер мен мүшелерде эпителиоидты — жасушалы терінің талаурап ісіп, перифокалсыз қабынуының пайда болуын сипаттайтын залалсыз жүйелі ауру.<ref>Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5</ref><ref>Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8</ref>

Этиологиясы

Саркоидоз — әртүрлі органдар мен тіндерде эпителиоидты жасушалық гранулемалардың пайда болуымен сипатталатын көпжүйелі аутоиммунды ауру. Науқастан саркоидозды жұқтыру мүмкіндігі дәлелденбеген, бірақ тұқым қуалаушылықпен немесе қолайсыз қоршаған орта факторларының әрекетімен түсіндіруге болатын аурудың отбасылық жағдайлары бар.

Алдын алу

Саркоидоздың өршуінің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстануға тырысу керек. Өкпенің зақымдануы кезінде ең бастысы — темекі шегуге болмайды, өйткені бұл тыныс алудың қиындауына және аурудың асқынуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ дәрі-дәрмектерді қабылдаудан және бауырға зиян келтіретін химиялық заттармен, улы ұшқыш заттармен, шаңмен, булармен, өкпені зақымдауы мүмкін газдармен жанасудан аулақ болу керек. Саркоидоз кезінде қандағы кальцийдің жоғарылауы байқалады, бұл бүйрек пен қуық тастарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан кальцийге бай тағамдарды жеуден бас тарту керек. Дәл сол себепті күнге күйуге болмайды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commonscat

Үлгі:Тыныс алу мүшелерінің аурулары

Үлгі:Бастама