Сардарбек Әбиев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сардарбек Әбиев (1.1.1946 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Өзгент аулы) – биолия ғылымның докторы (1994), профессор (2001). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1969, қазіргі Қазақ ұлттық аграрный унверситеті) және оның аспирантурасын (1973) бітірген. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Задария» кеңшарында бас агроном (1969–1970) болып жұмыс істеді. Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында аға лаборант, лаборатория меңгерушісі, институт директоры (1973–2005; қазіргі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігінің Биологиялық зерттеулер ортағы), 2005 жылдан Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Ржавчинные грибы злаковых растений Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады. Әбиев – Қазақстанда эксперименттік микология мектебін құрушы. Оның негізгі ғылым еңбектері мәдени және табиғи өсімдіктерде тіршілік ететін паразитті саңырауқұлақтардың түрлік құрамын, таралу заңдылықтарын,биолия, эколия ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Әбиев бірқатар ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы.
Шығырмалар:
- «Қазақстанның жаздық бидайы», 1991;
- «Желтая ржавчина злаков Казахстана», 1993;
- «Ржавчинные грибы злаков Казахстана», 2002;
- «Мучнистая роса и парша яблони: ультраструктурные аспекты», 2005
<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сардарбек Әбиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}