Сарбасова Қарлығаш Базарбекқызы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Ғалым

Сарбасова Қарлығаш Базарбекқызы (1 қаңтар 1954 жыл, Алматы облысы, Сарқан ауданы, Амангелді ауылы) — қазақстандық тілші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент). І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ұзақ жылдар оқытушылық қызмет атқарған. Ғылыми зерттеулері қазақ тілінің фразеологиясы, ономасиологиясы, көркем мәтін лингвистикасы, пунктуация және қазақ әдеби тілі мәселелеріне арналған.

Өмірбаяны

Қарлығаш Базарбекқызы Сарбасова 1954 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Сарқан ауданының Амангелді ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Пограничник орта мектебін үздік бітірген.

1970–1975 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінде білім алып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы

1975–1979 жылдары Пограничник орта мектебінде мұғалім және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

1979–1981 жылдары Сарқан аудандық оқу бөлімінде әдіскер қызметін атқарған.

1981–1990 жылдары Талдықорған қаласындағы №20 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1989 жылы республикалық аттестация қорытындысы бойынша «Әдіскер-мұғалім» атағын алған.

1990 жылдан бастап Талдықорған педагогикалық институтында (қазіргі І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті) қызмет атқарды. Қазақ филологиясы кафедрасында аға оқытушы болды.

2008–2011 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Осы кезеңде «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Журналистика», «Қазақ тілі мен әдебиеті» (магистратура және докторантура) білім беру бағдарламаларын ашуға қатысқан.

Сонымен қатар университет жанындағы «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығында аға ғылыми қызметкер болып, Ілияс Жансүгіров шығармаларының тілін зерттеу, сөздігін жасау және оқу-әдістемелік еңбектер әзірлеу жұмыстарына қатысқан.

2023 жылға дейін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқытушылық қызмет атқарған.

Ғылыми қызметі

1999 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Алтай Сәрсенұлы Аманжоловтың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

2004 жылы тіл білімі бойынша доцент (қауымдастырылған профессор) ғылыми атағын алған.

Ғалымның зерттеу бағыттары:

  • қазақ тілінің фразеологиясы
  • ономасиология
  • көркем мәтін лингвистикасы
  • пунктуация
  • Ілияс Жансүгіров шығармаларының тілі

Қарлығаш Сарбасованың 100-ге жуық ғылыми мақалалары отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланған.

Негізгі еңбектері

  • Сарбасова Қ.Б. Қазақ тіліне арналған жаттығулар (Фонетика). – Алматы, 2002.
  • Сарбасова Қ.Б. Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдер. – Астана, 2008.
  • Сарбасова Қ.Б. Қазіргі қазақ тілі (Лексикология және фразеология). – Алматы, 2012.
  • Сарбасова Қ.Б. «Құлагер» поэмасы тілінің сөздігі. – Талдықорған, 2015.
  • Сарбасова Қ.Б. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі. – Талдықорған, 2016.
  • Сарбасова Қ.Б. І. Жансүгіров шығармаларының тілі. Монография. – Талдықорған, 2017.
  • І. Жансүгіров шығармаларының тілі. Көп томдық шығармалар жинағы. 8-том. – Алматы, 2019.
  • Ілиястану орталығының көкжиегі. Көп томдық шығармалар жинағы. 20-том. – Алматы, 2019.
  • Сарбасова Қ.Б. Медиамәтін және саяси метафора. Оқу құралы.
  • Сарбасова Қ.Б. Жетісу гидронимдері. Көмекші оқу құралы.
  • Ілияс Жансүгіров: энциклопедиясы (ұжымдық еңбек).
  • Ілиястану оқулығы (ұжымдық еңбек).

Марапаттары

  • «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі (2010)
  • «І. Жансүгіров» төсбелгісі (2016)
  • «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі (2022)

Дереккөздер