Сарбаздар (ырғыз) көтеріліci

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сарбаздар (ырғыз) көтеріліci- сталиндік-голощекиндік зорлық- зомбылыққа, қуғын-сүргінге қарсы Ақтөбе округінің Ырғыз ауданының шаруаларының бас көтеруі. Көтеріліс 1930 ж. 25 ақпанда басталды. Наразылыққа қатысушылар ақпан айында белгілі діндар Мұқатай Саматовтың мешітінде жиналыс өткізіп, АЛЛАға сыйынып өз орталарынан Қанаев Айжарқынды хан сайлайды. Көтерілісті басу үшін Волга бойы әскери округіне Саратов қаласынан подполковник Евсеев басқарған 8-атты әскер дивизиясының бөлімдері шақыртылды. Орынбор арқылы темір жолмен келіп жеткен, тачанкамен, пулеметтермен және аэропландармен жабдықталған, қаруланған жазалаушылар ен далада көтерілісшілерді қуалай атып, қанға бөктірді. Шешуші шайқас 1930 ж. 9 наурызда Күнқамыс деген жерде болып, онда төңкеріс басшысы хан А. Қанаев және оның 35 серігі мерт болды. Күш тең ұрыстан жөңкіле қашқан салт атты көтерілісшілерді жазалаушылар пулеметпен қудалай атып, қылышпен кескілеп қырды. Бірнеше жүздеген көтерілісшілер құрбан болды. 131 көтерілісші қолға түсті. ПП ОГПУ-дің Ерекше үштігі көтерілісшілерді белсенді түрде жазалады. Жазалау 1930 ж. шілдесінен 1932 ж. наурызына дейін созылды. Нәтижесінде барлығы 42 адам ату жазасына кесіліп, 262 адам әр түрлі мерзімге сотталды және жер аударылды. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сарбаздар (ырғыз) көтеріліci|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}