Сара Рахманқызы Мыңжасарова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы Сара Мыңжасарова (1924-2002) - 29 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қара Шоқат деген жерде туған. Ақтөбедегі мұғалімдер институтында оқыған. 1952 жылы республикалық екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімін бітірген.

Еңбек жолы

Еңбек жолын Шалқар аудандық комсомол комитетінің мектеп жұмысы жөніндегі хатшысы болып бастайды.

  • 1949 жылы «Сталиншіл» газетінде бөлім меңгерушісі болады.
  • 1952-1960 жылдары Талдықорған облыстық «Сталиншіл» газетінің жауапты хатшысы, «Семиреченская правда» газетінің әдеби қызметкері, Алматы облыстық «Коммунизм таңы» газетінің тілшісі болды.
  • 1960-1971 жылдары «Казахстанская правда» газетінің тілшісі.
  • 1971-1973 жж. Байланыс министрлігінің мерзімді баспасөзді тарату басқармасының баспасөзге жазылу бөлімінің басшысы.

Аудармашылық қызметі

1959-1970 жылдар арасында аудармаға ерекше ден қойып, Вьетнам көркем әдебиетінің алғашқы прозалық шығармасы, Нгумен Ванның «Буйвол» повесін, Абхазия кеңес әдебиетінің классигі Иван Папаскиридің «Женская честь» романын, «Алтын Прага ертегілерін», «Солдат хаттары» суреттемелер жинағын, балаларға арналған шағын кітапшаларды қазақшалайды. Бұларға қоса «Қаһарман қыздар», «Ленин бізбен бірге» деректі әңгімелер жинағын, «Тәжік әңгімелері» сияқты кітаптарды өзге аудармашылармен бөлісіп аударады <ref>Қожахметова М. Қазақтың тұңғыш романист қызы. Егемен Қазақстан.09 Қазан, 2019. https://egemen.kz/article/210590-qazaqtynh-tunhghysh-romanist-qyzy</ref>.

Шығармалары

Бірнеше очерктер кітабы,көптеген роман, повестері мен әңгімелері бар. Шығармалары: Қыр қыздары. Роман. А., «Жазушы», 1970; Әйел бақыты. Роман. А., «Жазушы», 1981; Женское счастье. Роман. А., «Жазушы», 1984; Төзім шеңбері. Роман. А., «Жазушы», 1989; Өмір көріністері. Әңгімелер мен повестер. А., «Өлке», 2001.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify