Сара Мыңжасарова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сара Мыңжасарова (1924-2002) - 29 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қара Шоқат деген жерде туған. Ақтөбедегі мұғалімдер институтында оқыған. Одан кейін оқу-ағарту саласында жауапты қызметтер атқарады. Шалқар аудандық комсомол комитетінің мектеп жүмысы жөніндегі хатшысы болып істейді. 1952 жылы республикалық екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімін бітіріп шығып, ұзақ уақыт Талдықорған, Алматы облыстық және «Семиреченская правда» газеттерінің редакцияларында қызмет істеді. 1971 — 1973 жж. Байланыс министрлігінің мерзімді баспасөзді тарату басқармасының баспасөзге жазылу бөлімін басқарған.

Бірнеше очерктер кітабы, көркем аударма саласында қазақ тіліне тәржімалаған көптеген роман, повестері мен әңгімелері бар. Шығармалары: Қыр қыздары. Роман. А., «Жазушы», 1970; Әйел бақыты. Роман. А., «Жазушы», 1981; Женское счастье. Роман. А., «Жазушы», 1984; Төзім шеңбері. Роман. А., «Жазушы», 1989; Өмір көріністері. Әңгімелер мен повестер. А., «Өлке», 2001.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}