Сара Камалқызы Жорабаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сара Камалқызы Жорабаева

1929 жылы 25 қыркүйекте Ақтөбе облысының Ырғыз қаласында туған. Өзбек.

Әкесі - Жорабаев Камалбай, марқүм. Анасы - Жорабаева Шәмсікамал, марқұм.

Алматы көркем-театр училищесін (1949) актер мамандығы бойынша; Мемлекеттік театр өнері институтының актерлік факультетін (1953) актер мамандығы бойынша; жоғары режиссерлік-сценарийлік курстардың аспирантурасын(Мәскеу қаласы , 1979) кино режиссері мамандығы бойынша бітірген.

1954 жылдан - Алматы драма театрының актері. 1958 жылдан - Алматы хореография училищесінде актер шеберлігі пәнінің оқытушысы.

1959 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясында режиссердің ассистенті, режиссер (қазіргі - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ).

«Тыныштық», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қан мен тер»,«Ағам менің», «Балалық шаққа саяхат», «Қаралы сұлу», «Әпкем менің Люся» және тағы басқа кинофильмдердің режиссері.

КСРО Кинематографистер одағының мүшесі.

«Еңбек ардагері» (1985), «Парасат» (2009) ордендерімен марапатталған. Кинематографистер одағының озаты (1980).

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Қарсақбаев Ыдырыс Есенғалиұлы, кино суретшісі. Қыздары - Жорабаева Жайран (1953 жылы туған), Әшімова Айжан (1958 жылы туған), Қарсақбаева Мәдина (1964 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub