Сапар Байжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сапар Байжанов<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> (19.2. 1930, қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы — 4.5.1999, Алматы) — Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1952). 1950-1958 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің әдеби қызметкері, жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі, редактор дың орынбасары болып істеді. 19581965 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, Бас редактор, 19651973 жылдары Қазақстан КП ОК аппаратына жауапты қызметте, 19731983 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакторы, 1983—1994 жылдары ҚР Бас Мұрағат басқармасының бастығы болған. Әр жылдары жарияланған “Жаңа леп”, “Құрыш зергерлері”, “Ақ маржан”, “Сұңқар көңіл самғайды”, тағы басқа туындылары Байжановтың жазушы-журналист ретіндегі қаламгерлік қарымын танытты.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Жетістіктері

Филология ғылымының кандидаты (1974), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

  • Ол жайында «Өмірге өкпесі жоқ адам» атты естеліктер жинағы шыққан (2000).

Шығармалары

  • Замандас туралы толғау. А., 1973;
  • Архив-айғақ. А., 1988;
  • Абай және архив. А., 1995;
  • Қажыға барған қазақтар (Қ.Исабаевпен бірігіп жазған). А., «Ана тілі», 1996;
  • Алакөбеде оят мәні. Роман. «Жазушы», 2000.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}