Сапарғали Қуанышұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сапарғали Қуанышұлы (1855, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Маманай ауылы — 1914, Тюмень облысы, Қошқарағай) — ақын, әнші, балуан. Сапарғали ауылында Қожаберген-Асқан, Троицк қаласында Зейнолла иман медреселерінде оқыған, өз бетінше орысша хат таныған. Aраб, парсы, татар тілдерін меңгерген. Сапарғали “Керей Ер Жәнібек”, “Ер Сәтбек”, “Бөрібай батыр”, “Aйдос батыр”, “Айдабол сардар”, т.б. дастандарды жырлаған. Өз жанынан “Айсары — Шорман”, “Назыбек пен Күлше”, “Қожа Мансұр” атты лирик. дастандар шығарған. Оның Ерғали, Таразы, Нұрым, Айсұлу ақындармен айтысы сақталған. Н.Наушабаев, Б.Толыбаевпен жазбаша жұмбақ айтысқа түскен.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref> <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}