Сан есімнің емлесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сан есім емлесі сөйлемдердегі сан есімнің сауатты жазылуын қамтамасыз етеді. Бұл қарапайым ережелерді білу - заманауи адамның парызы.

Сан есімнің емлесі:

  • Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: жүз бір, жиырма бесінші, бір мың тоғыз жүз сексен бес т. б.
  • Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды, мен 6-дан 7-ге көштім. т. б.
  • Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) жазылады да, рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы: 5-класс, 23-қатар, 105-мектеп, бірақ X класс, XX ғасырдағы әдебиет, III том т. б.
  • Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис жазылмайды. Мысалы: 1992 жыл 7 қазан, 8 наурыз, 1945 жыл т. б.
  • Екі, алты, жеті деген сандарға болжалдық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдін соңғы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы екі — екеу, алты — алтау, жеті — жетеу:
  • Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: ІОО-деген, 1000-дап, сағат 5-терде т. б.
  • Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады. Мысалы: қырық-елу уй, 40—50 уй т. б.
  • Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты, қаралы, тарта, жуық, таман, жақын, сондай-ақ бөлшектік сан есім жасайтын жарты, жарым, ширек сөздері өздері тіркескен сандардан сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады. Мысалы: мың қаралы, 100 шамалы, елуге тарта, 40-қа таман, он бір жарым, 2 жарты, бір ширек т. б.
  • Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: он-он-нан, 10—15-тен, 20—20-дан т. б.
  • Есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есімдер зат есімше септеледі.