Санат, санда бар, санатта жоқ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Санат, санда бар, санатта жоқ. Бұл тұрақты сөз тіркесінің мағынасы — түсіндірме сөздікте «еске алынбайтын, ескермейтін». «Сол сол-ақ екен, осы санда бар, санатта жоқ екеуінің еңбек ақысы әр айда Ырсалдыны қалтасына келіп құйыла берді» (Қ. Тоғызақов, Таңд.). 1966 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» «санат» сөзінің екі мағынасына талдау жасалған (165). Бірақ олар мына біз карастырып отырған тұрақты сөз тіркесі құрамындағы «санаттан» қай жағынан да басқаша (мағына әрі шыққан төркіні). Әңгіме болып отырған тіркестегі «сан» сөзіне тоқталмаймыз. Өйткені ол «есеп» сөзінің синонимі ретінде қолданылып тұр. «Санат» сөзі парсыларда «сәнәд» тұлғасында көрініп, «документ» мағынасын білдіреді. Бұл дерек бойынша, «санда бар, санатта жоқ» дегеніміз «есепте бар, документте жоқ» мағынасымен бірдей.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}