Саналбай Сабырбайұлы Тасболатов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тасболатов Саналбай Сабырбайұлы (1943, Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы – 2006, Ақтау қаласы) – педагог. Гурьев педогигалық институтын бітірген (1968). 1968 – 1975 жылдары Ералиев, Сенек орта мектептерде, мұғалім, 1975 – 1978 жылдары Теңге кентіндегі №5 орта мектепте директор, 1978 – 1991 жылдары Жаңаөзен қаласының №1 орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1991 – 1994 жылдары Жаңаөзен қалалық білім беру бөлімінде мектеп инспекторы, 1994 – 2001 жылдары Маңғыстау облысы білім басқармасында бөлім жетекшісі, басқарма бастығының орынбасары, 2001 – 2003 жылдары облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі болды. 2003 жылдан өмірінің соңына дейін Ақтау қалалық білім беру бөлімінде орта білім беру жөніндегі бөлім бастығы қызметін атқарды. Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1987) белгісінің иегері.<ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub