Самұрық құсы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Самұрық - қазақ мифологиясындағы екі дүние арасындағы дәнекер болатын, қыран тәрізді алып құс <ref> «Самұрық-Қазына» сөздерінің этимологиясы </ref>. Самұрық құсы әлемдік ағаштың (Бәйтерек) шыңында тұрады. Аңыз бойынша Самұрық өлгенімен, қайта тіріле алады.Өлгенде де, тірілгенде де от болып жанады <ref> Самұрық құстың жұмыртқасы </ref>. Самұрық құсы адамша сөйлесіп, аңыздың негізгі кейіпкеріне өз рахметін айтады. Ұшқанда күннің бетін көлегейлей ынтымаққа бастайтын алып құс; қуаныштан шаттанып күлгенде аузынан будақ-будақ төгіліп аппақ гүлдер түсетін ғажайып құс; мұңая тұрып жылағанда жасаураған көзінен мөлді­реп моншақ-моншақ маржан төгiлетін ғаламат­қа бергісіз құс.

Қазақ даласында 80 миллион жыл бұрын өмір сүрген Самұрық құстың қаңқасы табылды. Ғалымдар алып­тығымен ерекшеленген құсқа «Samrukia nessovi» деген атау берді. Әзірге Ұлыбритания­ның Портсмут универси­тетінің профессоры, доктор Даррен биіктігі 2-3 метр­лік, салмағы 50 келіден асатын, қанатының ұзындығы 8 метрге жететін айрықша құс деп өзіндік жорамал ұсынды <ref> САМҰРЫҚ </ref>.

«Samrukia nessovi» қаңқасы Азияда бірін­ші рет табылып отыр, мұндай жағдай әлемде екінші екен, өйткені, 1995 жылы француз жерінен кездескен дәл осы Бор дәуіріне жататын құс омыртқасының сүйегі ғылыми-көп­шілік басылымдарда талқыға түскен. Енді ұлы дала төсінен табылған Самұрық құстың жұм­бақтау қаңқасы ғылым үшін берер өзгеше жаңалығымен ерекшеленеді дер едік.

Адмирал Этьен де Флакур 1658 жылы «Үл­кен Мадагаскар аралының тарихы» кіта­бын шығарды, онда қияндағы бір түкпірде ұзақ уақыт болған кезеңде байқағаны мен аңғарған­дарын қағазға түсірген. Оқып таныс­қан кісілер көптеген дәйектер адам сенбейтін қиял-ғажа­йып оқиға секілді таңырқай қарап, сенімсіздеу, саяхатшының ойдан қосқан мысалдары ретінде қабылдады. Негізінде бұл жазбалардың нақты шындығы бір ғасыр өт­кенде ғана анықталып жатты. Орман ішінде кездестіретін құс туралы Флакур былай деп жазды: «Вургатра – Ампатрада өмір сүретін үлкен құс, оның жұмырт­қалары страустікіне ұқсас келеді, далалы өңір­ден де кездестіруге болады…».

Мифология

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>