Самұрат Жұманұлы Имандосов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұманұлы Имандосов Самұрат - 1948 жылы 20 маусымда Қызылорда облысы Қазалы ауданының Майлыбас ауылдық кеңесінде туған. Қазақ.

Әкесі - Имандосов Жұман (1920 ж. т.), ¥ОС 2-ші топтағы мүгедегі, зейнеткер, кооперативтік жүйеде дайындаушы болып жұмыс істеген. Анасы - Бисембаева Хадиша (1922-2002).

Қызылорда гидромелиоративтік техникумының мелиорациялық жұмыстарды механикаландыру факультетін (1967) техник-механик мамандығы бойынша; Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының гидромелиорация факультетін (1977) инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (1992 жылдан).

  • 1969 жылдан - Қазалы суландыру жүйелері басқармасының инженер-экономисі, гидротехнигі, бөлім бастығы.
  • 1972 жылдан - ҚазКСР №64 Минералды су шаруашылығының аға прорабы, бас инженері, ЖМК бастығы.
  • 1980 жылдан - №86 ЖМК бастығы,
  • 1992 жылдан - Бас күріш кеңшарлары құрылысы «Қазалысуқұрылысы» тресінің басқарушысы.
  • 1994 жылдан- «Жер-Су» АҚ президенті.
  • 1994-1995 жылдары - Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі.
  • 1996 жылдан - «Жер-Су» АҚ вице-президенті, президенті.
  • 2000 жылдың қыркүйегінен бері - «РЗА» АҚ президенті (Қызылорда облысы Қазалы ауданы).
  • Жоғарғы Кеңес 12-ші шақырылымының депутаты. Қызылорда облыстық мәслихаты 2-ші (1999), 3-ші (2003), 4-ші (2007) шақырылымдарының депутаты.

«Құрмет белгісі» (1980), «Құрмет» (2001), «Парасат» (2007), «Звeзда Содружества» (2008) ордендерімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен; халықаралық «Объединенная Европа» (2008) сыйлығымен марапатталған. Қазақстанның Құрметті құрылысшысы (2009).

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.

Діни көзқарасы - мұсылман.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дүниежүзіндегі ең гүлденген мемлекет».

Хоббиі - саятшылық, преферанс, дойбы.

Үйленген. Жұбайы - Бозғұлова Зина Ержігітқызы, дәрігер-педиатр. Қыздары - Имандосова Бақыткүл Самүратқызы (1974 ж. т.), Имандосова Фаризат Самұратқызы (1991 ж. т.); ұлдары - Имандосов Мұрат Самұратұлы (1972 ж. т.), Имандосов Нұрлан Самұратұлы (1977 ж. т.) <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}