Самиғолла Хамзаұлы Уразов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Самиғолла Хамзаұлы Уразов (17 қараша 1957, Воротаевка, Сарытау облысы, КСРО) — қазақстандық мемлекет қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016)<ref>Бесінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының тізімі</ref><ref>«Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 181 Жарлығы</ref>.
Өмірбаяны
Сарытау облысы Подлесновск (қазіргі — Марксовский) ауданы Воротаевкада дүниеге келді. Сарытау политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын Сарытау облысы Балаково ауданындағы «Зоркинский» кеңшарында шопан болып бастаған. Институтты бітіргеннен кейін «Зоркинский» кеңшарында экономист болып жұмыс істеді.
1981-1992 жылдары Орал облысы Орда ауданындағы «Жәнібек» автотранспорт экспедиторлық кәсіпорнының бас инженері, директоры, «Орда» кеңшарының бас инженері қызметтерін атқарды.
1992-1996 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.
1996-2002 жылдары Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, Астана қаласындағы «Қазақавтожол» РМҚК бас директоры қызметтерін атқарды.
2002-2007 жылдары Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Батыс Қазақстан облыстық басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің директоры.
2007-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімі болды.
2008 жылдың 18 сәуірінен 2012 жылдың 14 қаңтарына дейін Орал қаласының әкімі болды.
2012 жылдың қаңтарында партиялық тізім бойынша Қазақстан Парламенті Мәжілісінің бесінші сайланым депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болып сайланды.
Марапаттары
- «Ерен еңбегі үшін» медалі<ref name="ки">Үлгі:Cite web</ref>
- Қазақстан Республикасының құрметті жол қызметкері<ref name="ки" />