Самен Цой

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Самен Цой (10.11.1921, Ресей, Приморье өлкесі, Партизанск қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1966), профессор (1968).

Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1948, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Ресейдің Хакас автономиялық облысынндағы Абакан қаласының отын өнеркәсібі тресінде бас инженер (1948–1950), Қазақстан ғылым академиясының Тау-кен ісі институтында кіші ғылыми қызметкер, зертхана және сектор меңгерушісі (1950–1981). 1981 жылдан Қазақ политехникалық институтында профессор қызметін атқарған.

«Исследование шахтных вентиляционных сетей и управление их параметрами» деген тақырыпта докторлық диссестация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары шахталар мен рудниктерді жобалаудың автоматтық жүйелерін және өндірістік процестерді басқару мәселелеріне арналған. 28 өнертабыстың авторы.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub